Адалдық сағаты.
Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Осы орайда Тараз қалалық №22 орта мектебінде "Сана парасаттылығы - адал ұрпақтың өркендеп өсуінің кепілі" тақырыбында тәрбие бағыты бойынша он күндік декада ұйымдастырылып, жоспар құрылды. Жоспарға сай сынып жетекшілер сынып сағаттары мен басқада іс-шаралар өткізуде. Соның бірі 5 "А" сынып жетекшісі Сиргебаева Асем Турсынбековна "Адалдық пен шыншылдық" тақырыбында 5 "А" сынып білімалушылары арасында танымдық сабақ өткізді. Сабақ өте жақсы деңгейде өткізілді. Оқушылар белсенді түрде өтті.
#адалұрпақ #жемқорлыққажолжоқ #адалдықпеншыншылдық
https://www.facebook.com/groups/844785825998144/permalink/1093006564509401/