№22 орта мектебінде «Intergrity Shop» (адалдық дүкені) жобасы » №22 орта мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2466346
Есепші бөлімі:
+7(726) 2466346
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №22 орта мектебінде «Intergrity Shop» (адалдық дүкені) жобасы
23
апрель
2019

№22 орта мектебінде «Intergrity Shop» (адалдық дүкені) жобасы

     №22 орта мектебінде «Intergrity Shop» (адалдық дүкені) жобасы бойынша бүгінгі күнде, яғни, 2019 жылдың 4 сәуірінен бастап іс-шара жүргізілуде.

«Адалдық дүкені» жобасының ашылуы барысында ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмысын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Ж. Беркімбекова жүргізді.  Ата-аналарға аталған жобаның мақсаты, жүргізілу барысы баяндалды.

      Сынып жетекшілерге «Адалдық дүкенінің» орындалу барысы мен атқарылатын жұмыстары таныстырылды. Бұл жобаның мақсаты мектеп оқушыларының өзін-өзі бақылау, адал тәрбиеге мойын сұну дағдыларын игере алуға баулу. Оқушылар дүкеннің тиімді екендігін өз сөздерінде жеткізді. Көп жакғдайларда дүкенде қаламсаптар, дәптерлер, сызғыш,өшіргіш,сусындар сатылымға қойылады.

      Мектепішілік балалар мен жасөспірімдерден құралған «Жас Ұлан» тобы мен оқушылар арасындағы мектеп президенті Досмаилова Русалина «Адалдық дүкені» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға түсіндіру барысында жобаның мақсаты мен тиімділігін баяндады.

     Осы жобаның іске асырылуымен,  іс-шаралардың атқарылуын қадағалау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Ж. Беркімбековаға тапсырылды. «Адалдық ардың ісі!» Осы жобаның орындалуы мектепте алдағы күндерде жалғасын табуда.