«Алғыста шек жоқ» тақырыбында тәрбие сағаты
Тараз қалалық №22 орта мектебінің 8 "А" сынып жетекшісі Исаева Мира Мауленова «Алғыста шек жоқ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Рухани жаңғыру салт-дәстүрлермен және мәдени мұралармен байланысқан ұлттық бірегейлікті сақтауды, «Рухани Жаңғыру» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру; ә) Қазақстан халқына деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.