17
март
2021
"Тоғызқұмалақ" ойыны
Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны. Бәсеке арнайы тақтада екі адам арасында өтеді. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды.
Мұндай ұлттық ойындар әсіресе, мерекелі күндерде жиі ойналатын болған. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай №22 орта мектеп оқушылары арасында денешынықтыру пәнінің мұғалімдерімен "Тоғызқұмалақ" ойыны ұйымдастырылды. Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері: Бекназаров Нуржан Кузербаевич, Исмаилов Куаныш Валиханович.