18
февраль
2021
Ауған соғысының аяқталуының 32 жыл толуына орай «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.
2021 жылдың 18 ақпанында Тараз қалалық №22 орта мектебінде АӘД пәнінің мұғалімі Сабиров Данияр Шавкатович пен тәлімгер Сагитова Валерия Александровнаның ұйымдастыруымен Ауған соғысының аяқталуының 32 жыл толуына орай «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
Кездесуге ауған соғысының ардагерлері жауынгер-интернационалистер шақырылды: Абдувахапов Шухрат Махамаджанұлы, Ермеков Дүкенбай Сайлаубекұлы.
Ауған соғысы ардагерлері өз естеліктерімен бөлісіп, ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға, бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды.
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеу, басы аман, бауыры бүтін көзі тірілеріне құрмет көрсету ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ!