Кәсіптік бағдар беру.
Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу үшін атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
Кәсіптік бағдар беру жұмысына мектептегі оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар, психологтар, сынып жетекшілерімен қатар ата-аналар да қатысуы міндетті. Көптеген ата-аналар өз балаларының болашақ мамандығын таңдауда баласының білімін, қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптік бағыт береді. Сондықтан да, білім алушылардың мамандықты дұрыс таңдау жолында кәсібибағдар беру сағаттарын өткізу маңызды. Осы тақырыпта ата-аналармен тығыз жұмыс жасау басты міндет.
Аталған тақырыпта №22 орта мектебінің 10 "А" сынып жетекшісі Гульжан Баубековна Шатаева ата-аналар жиналысын өткізді.