"День Первого Президента"
АSTANA телеарнасы «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер топтамасын дайындады. Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2019 жылы маусымда өткен «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық конференциясында айтқан 7 бастамасы туындының негізгі өзегі ретінде таңдалынды. Ел өз тәуелсіздігінің басында нақ осы сын-қатерлерге тап болды. Ал оларды еңсеру егемен Қазақстанның даму жолының бірегейлігін анықтады. Барлығы 7 фильм дайындалды. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған. Атап айтқанда, экономика, интеграциялық үдерістер, ұлтаралық келісім, антиядролық бастамалар, жаңа астана, транзиттік әлеует.
Осы аталған деректі фильмдерді №22 орта мектебінің 2 "Б" сынып оқушылары тамашалай отырып, бейнебаяндар жолдауда. Сынып жетекшісі: Фомина Любовь Ивановна.
https://www.facebook.com/100031108374179/videos/406997630347179/