№ 22 орта мектебінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мәнерлеп оқу байқауы өтті
Абай оқуларының негізгі мақсаттары: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын мектепішілік сайыс арқылы насихаттау. Олардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, ұлылар поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Абайды құрметтеу, сол арқылы оқушының бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Байқау мемлекеттік тілде өтті.
Білім алушылар Абайдың шығармаларын мәнерімен нақышына келтіріп оқыды. Қара сөздері философиялық ойдың тереңдігін және әдеби сөздерді қолданудың үздік үлгісі екені айрықша айтылды.
Абай оқулары байқауы Абайдың шығармаларын орындау, өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар бойынша өткізілді.
Байқауға көркем сөз оқу және ән айту шеберлігін қатар игерген 3-11 сынып оқушылары қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздарды дайындаған мектебіміздің қазақ-тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне: Мейірбекова А. Ш., Мейірбекова Ш. Ш., Абдуанова С. А., Исаева М. М., Беркімбекова Б. Ж., Тулебаева Г. С. мектеп директоры Диханбаева Ш И алғыс білдірді.