03
февраль
2020
№ 22 орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының І жартыжылдығында атқарылған іс-шаралар жөнінде ата-аналар комитетімен жиналыс өтті
Қаңтар айының 21 жұлдызында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыста алғы сөзді мектеп директоры Шолпан Имантайқызы Диханбаева алды.
Мектеп директорының құқық ісі жөніндегі орынбасары Э.А.Эсельбаева қатысушыларды жаңадан қабылданған «Педагогтың мәртебесі» туралы заңымен таныстырды, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М.Есенаманова «ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша 2-11 сыныптарындағы оқу үлгерімдері» жайындағы баяндамасына тоқталды. Мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Р.Ж.Сегізбаева «Бала тұлғасының дамуы» атты тақырыбындағы баяндамасымен бөліссе, мектеп психологы Г.А.Сабирова баланың мамандық таңдаудағы бейімділігі мен қызығушылықтарын айтты. Әлеуметтік педагог Г. Шалжанова өз кезегінде мектебіміздегі білім алушыларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер туралы және мектеп асханасында ыстық тамақпен қамту жөнінде сөз қозғады. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Ж.Беркімбекова "Жаңа-жылдық іс-шараларды өткізудің есебі" туралы баяндамасымен таныстырды.
Жиналыстың соңына қарай, мектеп директоры Шолпан Имантайқызы ата-аналармен қойылған барлық сауалдарға жауап беріп, өзара ой-пікірлерімен алмасты.
Мектеп ата-аналары жиналысқа белсенді қатысады. Көтерілген мәселелерді бірауыздан қолдайды. Ата-аналар мен мектеп ұжымының арасында тығыз байланыста осындай іс шаралар әрдайым жүргізіліп отырады.