Спорт жұлдыздарымен мотивациялық кездесу
2019 жылдың 10желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» ұйымдастыруымен, «Жастар жылы» аясында «TARAZ TALKS» жобасына сәйкес, №22 орта мектептің оқушылары спорт жұлдыздарымен ашық форматтағы мотивациялық кездесуге қатысты.
Іс-шараға 9-10 сыныптың 83 оқушысы қатысты.
Оқушылармен кездесу өткізген спортшылар: дзюдо, самбодан Қазақстан Республикасының жеңімпазы, дзюдодан Евразия ойындарының жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, азия чемпионы, қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» басшысы Жартыбаев Аманғали Сәлкенұлы.
2. Дзюдо, самбо Қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, дзюдо күресінен әлем кубогының иегері, Қазақ күресінен Қазақстан барысы Евразия барысының жүлдегері Жақып Дәулетхан Қуанышұлы.
3. Қазақ күресінен Әлем чемпионы, Евразия барысының Халықаралық турнир жеңімпазы, Дзюдодан ҚР чемпионы, Қазақстан барысының қола жүлдегері Айтбек Айбол Думанұлы.