Мероприятия » Страница 29 » №22 орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№22 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная :
+7(726) 2466346
Есепші бөлімі:
+7(726) 2466346
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 29
Наурыз - көктемнің құлпырған күнінде аталып өтетін ерекше мереке.
15
март
2021
Наурыз - көктемнің құлпырған күнінде аталып өтетін ерекше мереке.
Наурыз - көктемнің құлпырған күнінде аталып өтетін ерекше мереке. Бұл мереке қарсаңында күн мен түн теңелетін күн. Жұртшылықтың бір-бірімен қауышып, бауырсақ, наурыз көже пісіріп бірін-бірі құшақ жая қонаққа шақыратын күн. Осы мерекеге орай Тараз қалалық №22 орта мектебінің 3 "Б" сынып оқушылары өздерінің құттықтау бейнероликтерін ұсынуда. Мұғалімдері: Багизова Гаухар Бахтияровна. https://www.facebook.com/groups/844785825998144/permalink/1077407186069339/  
Қазақ халқының ұлттық ойындары.
15
март
2021
Қазақ халқының ұлттық ойындары.
Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны. Бәсеке арнайы тақтада екі адам арасында өтеді. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Мұндай ұлттық ойындар әсіресе, мерекелі күндерде жиі ойналатын болған. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай 3 "Б" сынып оқушысы Нұрман Фатима
"22 наурыз - ұлыстың ұлы күні"
15
март
2021
"22 наурыз - ұлыстың ұлы күні"
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Жас Ұлан Ұйымы https://www.facebook.com/groups/844785825998144/permalink/1077452802731444/  
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні.
12
март
2021
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні.
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Біздің елімізде осы мереке әр жыл сайын тойлануда. Осыған орай Тараз қалалық №22 орта мектебінің 5 "А" сынып оқушылары Наурыз мерекесіне арналға суреттерін ұсынуда. Сынып жетекшісі: Сиргебаева Асем Турсынбековна.      
"Көне Тараз" өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен танымдық экскурсия сағаты өтті.
12
март
2021
"Көне Тараз" өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен танымдық экскурсия
Наурыз айының 12 күні  "Көне Тараз" өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен танымдық экскурсия сағаты өтті.  Аталған іс-шараға Тараз қалалық №22 орта мектебінің 9 "А" сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға экскурсиялық іс-шара ерекше ұнады. 9 "А" сынып жетекшісі: Тужилкина Екатерина Викторовна.
Профориентация
12
март
2021
Профориентация
Тараз қалалық Жамбыл Политехникалық Жоғары Колледжінде наурыз айының 12 - сі күні "Ашық есік" күні өткізілді. Осы іс-шараға орай Тараз қалалық №22 орта мектебінің 9 "Б" сынып оқушылары арасында профориентациялық жұмыс жүргізілді. Колледж мамандары атаулы оқыту орнында қамтылған мамандық түрлерімен оқушыларды таныстырып өтті. 9 "Б" сынып жетекшісі: Мейрбекова Шакизат Шайрбековна. #профориентация #22ортамектеп https://www.facebook.com/groups/844785825998144/permalink/1075411366268921/      
"Ту, Елтаңба, Әнұран" тақырыбында шығарма жазу
12
март
2021
"Ту, Елтаңба, Әнұран" тақырыбында шығарма жазу
Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Осы
Наурыз мейрамы
11
март
2021
Наурыз мейрамы
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Біздің елімізде осы мереке әр жыл сайын тойлануда. Осыған орай Тараз қалалық №22 орта мектебінің 2 "А", 3 "А" сынып оқушылары суреттерін ұсынуда, мәнерлеп оқуда. Сынып жетекшісі: Огай Бэлла Владимировна.
Профориентациялық іс-шаралар
11
март
2021
Профориентациялық іс-шаралар
Тараз қалалық №4 өрт сөндіру бөлімі тарапынан №22 орта мектеп оқушылары арасында профориентациялық іс-шара өткізілді. Қарағанды қалалық өрт сөндіру колледжінде мамандандырылған оқыту ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, өрт сөндіру құрал-жабдықтарымен де таныстыру іс-шаралары өткізілді.