«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбындағы жалпы халықаралық
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес айлығындағы №22 орта мектебінде өткізілген іс – шаралар туралы
Мәлімет
Тараз қаласы 2018жыл
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темір қазығына айналып отыр.Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс – шаралар өткізіліп тұрады.
Осыған орай №22 орта мектебінде 2018 – 2019 оқу жылында 27 қараша мен
25 желтоқсан аралығында жалпы халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында айлық іс – шаралар өткізілді.
Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс – шара мақстты болып келеді.
Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу көріністерін азайту.
- Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.
- Оқу – білім үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс – әрекеттерге қарсы шығу.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбындағы іс – шараға байланысты жүргізілген жұмыс түрлері
№22 орта мектебінде қараша айында сыбайлас жемқорлыққа байланысты жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ата – аналармен жиналыс өткізіліп, хаттама жазылды.
«Адал апта!» тақырыбында бір ыңғай мектеп ішілік тәрбиелік сынып сағаттары өткізілді.
«Адал ұрпақ!» тақырыбындағы семинар – тренинг өткізілді.
«Сатылмайтын адал еңбек!» тақырыбында 1 – 4 сыныптар арасында сурет салу конкурсы өткізілді.
«Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында шығарма және эссе конкурстары ұйымдастырылып өткізілді.
«STOP – Коррупция!» тақырыбында оқушылар қабырға газеттерін шығарды.
«Біз жемқорлыққа қарсымыз!», «Адам бойындағы адал қасиет!» тақырыптарында тәрбиелік сынып сағаттары өткізілді.
Күнделікті мектеп қабырғасында жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағалануда.
Бүгінгі аталған тақырып бойынша Жемқорлықсыз орта –жарқын болашаққа жол бастау кепілі деп қорытындылаймын.