Рәміздер күні/ День символики Республики Казахстан
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді». /Нұрсұлтан Назарбаев/ «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран Мемлекеттік рәміздер болып табылады. Тараз қалалық №22 орта мектебінде 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Мектеп ұжымы мен Жазғы мектепке қамтылған білімалушылар Мемлекеттік Әнұранның орындалу мезетін құрметпен қабылдады. #рәміздеркүні #22ортамектеп #МеніңТуым