06
апрель
2021
"Ғарыш әлеміне саяхат"
12 сәуір күні Халықаралық ғарыш күніне орай Тараз қалалық №22 орта мектебінің 4 "Б" сынып жетекшісі Канаева Валентина Анатольевна "Ғарыш әлеміне саяхат" тақырыбында танымдық сынып сағатын өткізді.
Аталған бағдарлама мақсаты: қатысушыларды әлемдік авиация және космонавтиканың дамуымен таныстыру, ұшқыш-ғарышкер мамандығы туралы ойын кеңейту, мамандыққа құрмет көрсетуге тәрбиелеу, ой-қиялын дамытып, еліне деген мақтаныш сезімін ояту.
Бағдарлама барысында қатысушылар ғарышқа ұшқан иттердің тарихымен, алғашқы ғарышкер Ю.А.Гагарин және алғашқы қазақ ғарышкері Т.О.Әубәкіровтың өмірімен танысты.