19
март
2021
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев — біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Үстіміздегі жылда Мұқағали ақынның туылғанына 90 жыл толуда.
Арамыздан тым ерте кеткен тамаша ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың алғашқы қадамында-ақ оның аяқ алысынан айрықша талант иесі екенін аңғаруға болатын еді.
Қазіргі қазақ әдебиеті туралы сөз қозғасам, аузыма ең алдымен, аса ірі ақын Мұқағали Мақатаев түседі.
Осы орайда, №22 орта мектебінің 9 сынып оқушылары арасында Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды. Пән мұғалімі: Мейрбекова Шакизат Шайрбековна.