16
февраль
2021
«Алғыста шек жоқ» тақырыбында тәрбие сағаты
Тараз қалалық №22 орта мектебінің 8 "А" сынып жетекшісі Исаева Мира Мауленова «Алғыста шек жоқ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Рухани жаңғыру салт-дәстүрлермен және мәдени мұралармен байланысқан ұлттық бірегейлікті сақтауды, «Рухани Жаңғыру» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
ә) Қазақстан халқына деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Елдегі басталған ауқымды өзгерістер қоғамдық сананы оза жаңғыртумен сүйе мелденуі тиіс. Бүгінгі таңда орасан жұмыс атқарылғанын және Қазақстанның қалыптасқан мемлекет екенін атап өтіп, бірақ мықты әрі жауапты адамдардың Біртұтас Ұлтына айналу үшін қоғамдық сананы өзгертуге мүмкіндік беретін неғұрлым ауқымды және іргелі жұмысқа кірісетін уақыт жетті деп Елбасы «Рухани жаңғыру» мақаласында көрсеткендей 1 наурыз Қазақстан халықтарының алғыс айту күніне ұйымдастырылған «Алғыста шек болмайды» ашық сынып сағатына қош келдіңіздер.
2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

