"Бейбітшілік бірлікте" тақырыбындағы сынып сағаттары.
Тараз қалалық №22 орта мектебінің 2 "А" сынып жетекшісі Бэлла Владимировна Огай "16 желтоқсан Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай "Бейбітшілік бірлікте" тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Мақсаты:
- Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Білім алушылар белсенділік таныта отырып, ән, өлең жолдарын оқыды. Соның бірі, Надыршина Софина өз дауысымен өлең жолдарын оқып, бейнебаян дайындап, сынып сағатына онлайн жүйесінде жолдады.
4 "Б" сынып жетекшісі Канаева Валентина Анатольевна "16 желтоқсан Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай сынып сағатын өткізді.
https://www.facebook.com/100031108374179/videos/415455186168090/