"Бір халық - бір ел - бір тағдыр"
"Бір халық - бір ел - бір тағдыр" мәнін түсіне білген адамға бұл сөздің мағынасы үлкен. Елімізде тұратын 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі біршама жылдар ішінде достығы мен туыстығы жарасып, біртұтас елге, бір тағдырлы халыққа айналды.
"Бір халық - бір ел бір - тағдыр" идеясының басты айтары - осы. Қазір еліміздегі барша халық бір ауаны жұтып, Қазақстанның кең-байтақ жерінде тату-тәтті тұрып жатыр. "Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып", бір тағдырлы елге айналып отырмыз.
Елбасы бағдарлап берген "Қазақстан-2050" Стратегиясын бетке ұстап, күшеюуіміз, өсіп-өркендеуіміз, баршамызға баянды өмір сыйлаған Қазақстанымызды қуатты мемлекетке айналдыруға атсалысуымыз қажет.
Осы мақсатта, №22 орта мектебінің кітапханашысы Ардақ Талғарқызы Мельдеева қашықтықтан оқыту жүйесінде кітап көрмесін ұйымдастырып, электронды кітаптарды QR код белгішелері арқылы оқуларына мүмкіндіктері бар екендігін айтып көрсетіп өтті. Аталған іс-шара №22 орта мектебінде қазан айының 14 күні ұйымдастырылды.