Айдың қорытындысын шығару туралы салтанатты линейканың ақпараты (мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері)
Мақсаты мен міндеттері:
- Оқушылардың мектепке, білімге деген қызығушылықтарын арттыру;
- Балаларға дұрыс бағыт-бағдар беру, жаңашылдықты танып білуге деген құштарлықтарын арттыру;
- Өскелең жас ұрпақтың бойына болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру;
2019 жылдың 25 қарашасында сағат 10:10-да мектеп дәлізінде қараша айының қорытындысын шығару бойынша (мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері)туралы салтанатты линейка рәсімі өтті.
Рәсім барысында мектеп директоры Диханбаева Шолпан Имантайқызы «Шедевр» республикалық шығармашылық байқауынан «Менің отбасым» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленгендер Рыжакова Екатеринаға, Рыспаев Алишерге, Юсупова Екатеринаға, сондай-ақ «Өзіңді тану-өзіңе баға беру» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленген Давлятова Лолитаға дипломдарды өз қолымен табыс етті.
Математика – физика пәндерінен 7-10 сынып білім алушылары арасында өткізілген «Көрнекіліктер аукционы» атты байқаудың «Математика-физика ғылымы суретшілер көзімен» бағыты бойынша қатысқан оқушылар Малыгина Ангелинаға, Макарова Ангелинаға, «Математика-физика күнделікті өмірде» бағыты бойынша қатысқан Стрюковский Глебке, «Математика-физика пән кабинеттерінің болашақ көрінісі» бағыты бойынша қатысқаныСабиров Искандерге, және осы бағыт бойынша қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленген Досмаилова Русалинаға да салтанатты түрде дипломдар табыс етілді.
Құрастырған: аға тәлімгер Тулебаева Г.С.