Тараз қаласындағы №22 орта мектебінде рухани-адамгершілік жұмыстарды ұйымдастыру және қыздар арсындағы ерте жүктіліктің алдын алу бағытындағы жүргізілген жұмыстары бойынша
Тараз қаласындағы №22 орта мектебінде рухани-адамгершілік жұмыстарды ұйымдастыру және қыздар арсындағы ерте жүктіліктің алдын алу бағытындағы жүргізілген жұмыстары бойынша
№22 орта мектебінде рухани-адамгершілік жұмыстарды ұйымдастыру және жасөспірімдер арасында жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу бағытындағы, жасөспірім қыздарға рухани-адамгершілік тәрбие беру және ерте жүктіліктің алдын-алу бойынша іс-шаралары жоспарға сай үнемі жүргізіліп тұрады. Жасөспірім қыздармен жүргізілетін іс-шаралар жоспары бекітіліп, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қадағалауымен белсенді түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы тақырып бойынша жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы кешенді жоспарланып, директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасары тарапынан қадағаланып, іске асуда. «Қыздар гигиенасы», « Қыз мінезінің көркемдігі», «Мен оқушы қызбын», «Қыз тәрбиесі» т.б. осындай тақырыптарда сынып жетекшілері сынып сағаттарын, ата-аналар жиналысын жоспарға сай өткізіп тұрады.
Қалалық емханадан арнайы дәрігерлер мен мектеп медбикесінің ұйымдастыруымен «Қыз баланың ерте жүктілігінің зияны» тақырыбында баяндамалар оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп медбикесінің сынып жетекшілермен бірге қыздар гигиенасының орындалуы бақылауға алынып, тексеру жұмыстары жүргізіліп отырады.
Жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының жұмыстарында қыздар тәрбиесіне байланысты іс-шаралар жүргізіліп тұрады. Мектепте «Қыздар клубы» тобы құрылған, жоспар жасалып бекітілген, жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ сәуір айының 23 күні жасөспірім қыздар арасында «Ерте жүктіліктің қауіпі мен зияны» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, баяндама оқылды. Қыз тәрбиесі болашақ ұрпақтың басты мәселесі екендігі түсіндірілді. Мектеп психологы жасөспірім қыздардың жас ерекшелігіндегі өзгерістердің болуына байланысты қыздарға түсіндіру іс-шараларын жүргізді.
Мектепте ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында баяндамалар оқылып, іс-шаралар өткізілді.
«Отан отбасынан басталады», «Мектеп-кеме, білім-теңіз!» демекші бала тәрбиесіне ата-ана мен мектеп ұстаздары орасан зор еңбекпен көңіл бөліп, ұдайы еңбектенуде