"Елінің ержүрек батырлары" ерлік сабағы » №22 орта мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2466346
Есепші бөлімі:
+7(726) 2466346
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Елінің ержүрек батырлары" ерлік сабағы
30
апрель
2022

"Елінің ержүрек батырлары" ерлік сабағы


Еліміздің айбыны, мақтанышы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл - 30 жыл толып отыр. Осы отыз жылдың ішінде еліміздің қарулы күштері барлық жағынан күшейіп, біліктілігі нығайып, алынбас қамалға айналып үлгерді.
Осыған орай 29 сәуір күні Тараз қалалық №22 орта мектебінде "Елінің ержүрек батырлары" тақырыбында ерлік сабағы өткізілді. Ерлік сабағы әскери қызметкерлері мен жоғарғы сынып білімалушылары арасында кездесу форматында өтті. Әскери қызметкерлер өздерінің Отан алдындағы патриоттық бағыттағы атқарып келе жатқан еңбектерімен бөлісті. Болашақ Отан қорғаушыларымызды Отанға адал қызмет етіп, патриот болуға тәрбиелей отырып, дәрістер оқыды. №22 орта мектебінің БӘ және ТД пәнінің мұғалімі Д.Ш. Сабиров аталған іс-шараны жоспарға сай ұйымдастыра отырып жүргізді.
#қарулыкүштергн30жыл
#22ортамектеп
#менпатриотұрпақпын
#руханижаңғыру