Жасөспірімдер арасындағы құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту » №22 орта мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2466346
Есепші бөлімі:
+7(726) 2466346
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдер арасындағы құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту
23
октябрь
2018

Жасөспірімдер арасындағы құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №22 орта мектебі» КММ

 

Жасөспірімдер арасындағы құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту,  қылмыстың алдын алу, болдырмау және мектепке бекітілген полиция қызметкерінің ата-аналар алдында есеп беру  жиналысының

ХАТТАМАСЫ

 

 

Тараз қаласы                                                                      «12» қазан 2018 жыл

 

Шақырылғандар: ИНД инспекторы Ирискулова Д.А.

Қатысқандар: директор Диханбаева Ш.И.директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Беркімбекова Б.Ж., мектеп психологы Сабирова Г.А. 1-11  сынып ата-аналар комитеттері.

Ата-ана саны:43

Қамқоршылық кеңесінің мұшелері:9

 

 

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. Мектеп директорының ата-аналар және қамқоршылық кеңестің алдында атқарылған жұмыстары жайлы есеп беруі. Диханбаева Ш.И.

2. Мектеп инспекторының 2017-2018 жылдың қорытындысы бойынша ата-аналар және қамқоршылық кеңестің алдында есеп беруі.Ирискулова Д.А.

3. «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың  алдын алу».

Беркімбекова Б.Ж.

4.Ата- аналарға балаларды тәрбиелеудегі психологиялық комек корсету.

Сабирова Г.А.

   

Сөз алды: №22 орта мектеп директоры Диханбаева Ш.И. ата-аналар және қамқоршылық кеңесінің алдында 2017-2018 оқу жылының корытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.

Сөз алды: мектеп инспекторы Ирискулова Д.А. сөз алып, жасөспірімдер арасындағы қылмыс және қылмыстық жауапкершілік жөнінде сөз қозғады. Оқушылардың түнге қарай жүрмеуін қадағалауды ата-ананың міндеті екендігін және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстеріне өзгерістер енгізілуіне байланысты заң баптарымен таныстырды. Атап айтқанда «ҚР бала құқықтары» жөніндегі заңының 25 бабы, «ҚР ӘҚБТК» 442 б. 4т. және  140 баптарымен таныстыра отырып, жүргізуді ұсынды. 2017-2018 оқу жылының корытындысы бойынша атқарылған және жасалған жұмыстары жөнінде есеп берді.

Сөз алды: директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Беркімбекова Б.Ж. кәмелетке толмағандарға тағайындалатын қылмыс түрлері мен шектері, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық және қылмыстық жауапкершілік жөнінде ата-аналарға әңгіме жүргізді. Ата-аналардың балаларына жауапты екенін, балалары мектеп қабырғасында жүргеннен кейін мектептің ережесін дұрыс ұстану керек екенін, мектеп формасын дұрыс кигізіп жіберу ата-ананың міндеті екенін басып айтып өтті. Ата-ана тәрбиесіне көнбейтін, сабақтан көп қалатын, оқушыларды есепке алынатынын айтты. Жасөспірімдер арасында кездесіп жатқан қылмыстың біреуі ұрлық, біреудің мүлкін көрсетпей алу, тонау, біреудің мүлкін ашық түрде алып кету, алаяқтық жолмен ұялы телефонын алу бұлардың барлығы бұзақылық фактісіне жатады. 2017-2018 жылдың қорытындысы бойынша

2-ПБ-нің есебінде 1 оқушы тіркелді.

Мектепішілік есепте 1 оқушы тіркелді.

Қауіпті топта 1 оқушы тіркелді.

Жайсыз отбасы жоқ.

Сөз алды: мектеп психологы Г.А.Сабирова ата-аналарға бала тәрбиелеуде психологиялық көмек көрсету туралы қысқаша баяндады, сонымен қатар бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет екенін айтып кетті. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны, баланың жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кететіндігі жайлы айтып өтті.Сонымен қатар ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде бірнеше кеңестер беріп өтті.

Шешімі:

1.Ата-аналар берілген ақпаратты назарға алыңыздар.

2.Инспектордың есеп беруі назарға алынсын.

3. Құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жұмысы жалғастырылсын.

4. Ата-ана тарапынан оқушылар жан-жақты бақылауда болып, балаларының мезгілсіз уақытта көшеде жүрмеуі  қадағалансын.

5. Ата-аналар тарапынан оқушылардың күн режимінің сақталуы қолға алынсын.

6. Оқушылардың сабақ үлгерімі және де сабақтан себепсіз қалмауы, мектеп ережесін сақтауы ата-аналарға жүктеліп, талап етілсін.

 

 

 

 

       Директор                                                                             Ш.Диханбаева

 

 

         Хатшы                                                                                Б.Беркімбекова